14
сентябрь
2023
Жалпы ата-аналар жиналысы
"Бала қауіпсіздігі - басты назарда" атты тақырыпта аудандық полиция бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес 2023 жылдың 14 қыркүйек күні "Кәмелетке жасы тломағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа полиция бөлімінің қызметкерлері, Меркі АПБЖПҚЮПТУПИ полиция капитаны Е.Оспанбеков, Меркі АПБӘПБ бастығы полиция майоры Б.Байтемиров, Меркі АПБ есірткіге қарсы іс қимыл тобының жедел уәкілі полиция майоры М.Базирбаев қатысты. Жиналыс барысында ата-аналарға аудандағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларды айта отырып, толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға Заң талаптарының орындалуын, оқушылардың құқықтары мен міндеттері сондай-ақ, оларға күтіп бағу жөніндегі міндеттерінің орындалуларын, ол орындалмаған жағдайда он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын жеткізді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілімен, ата-аналарсыз жүруіне сағат 22.00 ден таңғы 06.00 дейінойын - сауық мекемелерінде немесе тұрғылықты мекен-жайдан тыс жерде жүрмеулерін, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балаларының жұмыс жасамауын айтты. Оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы, яғни ол 10 күннен артық қалған жағдайда айыппұл төленетінін ескертті. Сонымен қатар, кибербуллинг,буллинг, бопсалау, оқушылардың ұялы телефонды дұрыс пайдалану. Мектепке гидроскутер,мопед т.б. электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұхсат жоқ екенін және оған хаттама толтырып, айыппұл салынатынын ескертті.