13
март
2026
РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ✅
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясының мүшелері Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты – Конституцияның жаңа жобасын таныстырып, алдағы референдумның маңызы мен мәнін кеңінен түсіндіру.
Кездесу барысында коалиция мүшелері референдумның қоғам үшін маңызы, оның негізгі бағыттары және елдің саяси-әлеуметтік дамуына қосатын үлесі жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Жиын барысында коалиция өкілдері референдум арқылы қабылданатын шешімдердің ел болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың саяси науқандарға белсенді қатысуы – демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші екені айтылды.