23
январь
2026
математика, информатика және физика пәндері бойынша ұйымдастырылған МИФ онкүндігі өз мәресіне жетті.
12-23.01.2026 математика, информатика және физика пәндері бойынша ұйымдастырылған МИФ онкүндігі өз мәресіне жетті. Онкүндік барысында білім алушылар пәндерге деген қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, түрлі сайыстар мен танымдық іс-шараларға белсене қатысты.
Өткізілген зияткерлік ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен ашық сабақтар оқушылардың білім деңгейін көрсетіп қана қоймай, олардың өзара ынтымақтастығын нығайтты. Белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.
МИФ онкүндігі оқушылар үшін мазмұнды әрі пайдалы өтті деп сенеміз. Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және ұстаздарға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!