14
декабрь
2022
Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сұйікті ертегілерім» атты үздік оқырман сайысы ұйымдастырылғаны туралы
Мектеп кітапханасында « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті ертегілерім» тақырыбында үздік оқырмандар сайысы 2 -3-4 сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты:Оқушылардың халық ауыз әдебиеті,оның ішінде ертегілер туралы білімдерін тереңдету ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қыймыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
2 сынып оқушылары «Мақта қыз бен мысық», 3 сынып оқушылары «Қызыл телпек», 4 сынып оқушылары «Үш дос» ертегілерін сомдады. Сайысқа қатысушы оқушылар өздеріңнің ертегіні білу деңгейлеріңнің қаншалықты екенін байқап, бұдан былай бос уақыттарында кітапханаға көп кітап оқуға бөлетіндерін айтты. Әділқазы алқаларының шешімімен, 4 сынып оқушылары «Үздік оқырман» атанды.