"ТОЛАҒАЙ" отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты іс шара.
"ТОЛАҒАЙ" отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты іс шара. Осындай іс шара бүгінде біздің мектебіміздің 1-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында өткізілді. Сынып жетекшісі Шолпанкулова Рауан мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шамилов Бақытжан "Біртұтас тәрбие " бағдарламасының негізінде "Ұлттық құндылық - тәрбие негізі" апталығының жоспарына сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырды. Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған іс шара. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлады.