11
декабрь
2021
"Жақсы көңіл-күй жан азығы" мұғалімдер арасында өткен тренинг
![](/uploads/posts/2021-12/thumbs/1639210653_mug1.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/thumbs/1639210771_mkg3.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/thumbs/1639210764_mug2.jpg)
«Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде қараша айында «Жасөспірімдер арасында суицидттің алдын алу» айлығы барысында мұғалімдер арасында "Жақсы көңіл-күй жан азығы» атты тренинг эмоционалды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу,өздеріне құрметпен қарау,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында өткізілді. өткізілді.Құрметті әріптестер,бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге,өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге,өз-өзіңізге құрметпен қарауға,бір-бірімізге сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып,бүгінгі күнге байланысты бір-бірімізге жақсы тілек білдірейік. «Дыбыстық жаттығу», Гүлдер әуені», Жаттығу. «Сыйлық» Осы аталған жаттығуларға ұстаздар белсен қатысып көңіл күйлерінің көтерілгендіктерін, жаттығудан жақсы әсер алғандарын айтты.Сонымен бүгінгі «Жақсы көңіл-күй жан азығы» атты тренингіміз аяқталды, Сіздерге тек шығармашылық табыстар тілеймін!