«Жасөспірімдер арасында суицидттің алдын алу» айлығы болып өтті » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасөспірімдер арасында суицидттің алдын алу» айлығы болып өтті
09
декабрь
2021

«Жасөспірімдер арасында суицидттің алдын алу» айлығы болып өтті





Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы білім беретін мектебінде қараша айында «Жасөспірімдер арасында суицидттің алдын алу» айлығы болып өтті. Айлық аудан білім бөлімінен келген хатқа сәйкес жоспар құрылып,жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Суицидаралық мінез құлыққа бейімділікті анықтау мақатында оқушылардың арасында «Сирса» мазасыздық шкаласы тесті 8-11 сынып оқушыларынана алынып, нәтижесінде 8-11 сынып оқушылары арасында Сирса мазасыздық шкаласы тестіне 66 оқушы қатысты. Тесттің қорытындысы бойынша қатысқан оқушылар 20 баллға дейін жинап – мазасыздық деңгейінің болмағандығы анықталды.Сонымен қатар 5-7 сынып оқушыларының арасынан: адамның дәл қазіргі психологиялық-эмоциялық жағдайын, өзіндік көңіл-күйін анықтау мақсатында «Ағаш» әдістемесі алынып, нәтижесінде жалпы әдістемеге қатысқан оқушылардың өзіндік бағалаулары жақсы, таңдаған бағыттары, психологиялық ахуалдары жақсы, эмоционалдық жағдайлары тұрақты екендігі анықталды.