22
апрель
2021
«Мен өмірді сүйемін!» психологиялық тренинг
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде сәуір айының 1-30 күндер аралығында «Жасөспірімдер арасындағы суицидті алдын алу» айлығы өтуде. Айлық барысында «Мен өмірді сүйемін!» психологиялық тренинг 5-сынып оқушыларының арасында өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту. Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. «Өмірдің мәні» туралы ой пікірлерін ортаға салу. Өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.Тренингті қортындылац келе осы күнге жеткеніміз үшін қуанып, шүкіршілік етіп өмірімізді мәнді етіп өткізейік! Әрдайым жақсылық жасап, өмірде өз орнымызды таба білейік. Кез-келен қиындықтарды табандылықпен, ақыл-ойымызбен жеңуге үйренейік. Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.Тренингке қатысқан әр қатысушы көтеріңкі көңіл -күймен, өмірге деген махаббаттарын арттыра отырып, келешекке бақыттты өмірге деген көзқараспен қарайтындықтарын айтып өтті. Тренингтен жақсы әсер алғандарын қуанышты түрде жеткізді.