"Шәкірттіммен мақтанамын" атты сайыс » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шәкірттіммен мақтанамын" атты сайыс
28
январь
2020

"Шәкірттіммен мақтанамын" атты сайыс

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде 28 қаңтар күні бастауыш сыныптарда "Шәкірттіммен мақтанамын" атты сайыс өткізілді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстаз болып, балаға білім беру көп адам қолынан келе бермейді. Әр баланың қабілетін ашып, кемел келешекке жол сілтер педагогтарымыздың арқасында көптеген оқушының болашағы жарқын болуда. Ұстаз үшін ең қуанышты жағдай, шәкіртінің биік белестерді бағындырғаны. Бүгінгі сәби, ертеңгі еліміздің тірегі.
Сайыстың мақсаты:«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» демекші ұстаздар үнемі ізденіс үстінде жүреді.Оқушыларды тәрбиелі, иманды, білімді болуға шақыру,сол мақсатта осы іс шараны ұйымдастырып отырмыз. Сайыс өте қызықты өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Ұстаздар өздерінің өнерлі, әнші,биші, сан қырлы екендіктерін көрсетті.

"Шәкірттіммен  мақтанамын" атты сайыс



Похожие публикации:

11 декабрь 2018 Көркем сурет
25 май 2018 Алтын сақа