25
май
2018
Алтын сақа
3 сынып
Мырзахметова Нұржамал
Сынптан тыс жұмыс.
Тақырыбы:Алтын сақа (интеллектуалды ойын – сайысы)
Мақсаты:
Оқушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті
одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.Оқушылардың білім деңгейін байқау,өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт-бағдар беру.
Бүгінгі «Алтын сақа »интеллектуалды сайысымыз ертегі кейіпкерлерімен өткіземіз.
Оқушыларды топтарға бөлу
І топ: «Көлтауысар»тобы
ІІ топ: «Саққұлақ» тобы
ІІІ топ: «Желаяқ»тобы
Сайыс бағдарламасымен таныстыру
Сайыс кезеңдері 6 кезеңнен тұрады.
І.Топты таныстыру
ІІ.Жалғасын тап
ІІІ.Кім шапшаң ?
ІY.Киелі сандарға және салт-дәстүрге байланысты байланысты сұрақтар.
Y.Ғажайып ұяшықтар
YІ.Құпия хаттарға жауап бер
YІІ.Қорытынды
Әр кезеңге дұрыс жауап берген топтарға бір сақадан беріліп отырады.
Кіріспе бөлім:
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 3 «а»– сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Алтын сақа» интеллектуалды ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа өздерінің ұлттық намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.
Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт-дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек - жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік.
Негізгі бөлім
І-кезеңде
Әр топ өздерін таныстырады.
ІІ-кезең
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ жалғастырады.
1 – топ: Көлтауысар тобы.
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ...
Өнер жастан шығады.
2 – топ: Саққұлақ тобы.
1. Отан ... (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме)
3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)
3-топ: Желаяқ тобы
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде........................
2.Кітап білім бұлағы---------------------
3.Әке көрген оқ жонар,
----------------------------------------------
ІІІ-кезең. «Кім шапшаң?»
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді.
1 – топ
Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қара шаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
2 – топ
Жаңылтпаш жатта,
Жаңылмай жатта.
Жатқа жатта,
Жаттамай жатта.
3-топ
Шеше, шеше, неше кесе,
Сынды кеше.
ІҮ-кезең. Сұрақ – жауап.
1 – топ:
1. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)
2. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
4.Ұлттық ойын түрлері
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен ? (күй)
2 – топ.
1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
3. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)
4.Ұлттық аспаптарды ата
5.Ұлтттық мейрамымыз қай күн?
3-топ
1. Үш арсызды ата?( ұйқы, күлкі, тамақ)
2.Қазақ үйдің бөліктерін ата (кереге,уық,есік,шаңырақ )
3. Сүттен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)
4.Қазақтың ұлттық тағамы?
5.Қазақтың үш биі
Y-кезең. «Ғажайып»ұяшықтар.
математика пәні
1. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін қанша минут қажет?
2. Ұзындығы 4 м, ені2 м, биіктігі 3 м. Бөлменің көлемін тап?
3. 1 сыйлықты орауға 70см жылтыр қағаз керек, 9 сыйлыққа неше метр керек?
қазақ тілі пәні бойынша :
1. Заттың ісін , қимылын білдіретін сөздерді не дейміз?
2. Мал - сөзінің алғашқы дыбысын өзгерт.
әдебиеттік оқу пәні бойынша :
1. Ақжолтай атанған батыр кім?
2. Мәншүктің соғыстағы қаруы?
3. Құрманғазының анасы?
Ү. Құпия хаттарға жауап беру.
Суретте көрсетілген құпия суреттерге әр топ толық мағлұмат береді
1 – топ.
«Бесік»
2 – топ
«Ер-тоқым»
3-топ:
«Сәукеле»
Қорытынды бөлім
Әр топтың асықтарын санап, ұпайларын санау.
Жеңіске жеткен топқа мыстан кемпір «Алтын сақа»марапаттайды.
- Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт-дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады...