Ер есімі – ел есінде » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2018

Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде
Мақсаты:
1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.
3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.

І бөлім. Кіріспе.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде

Мұғалім. Құрметті қонақтар!
Әрқасымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы күндер қалды.
Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын.
Өкінішке қарай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де ештеңе де ұмытпауы тиіс! Себебі бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз. Солай болғандықтан да өскелең ұрпақты аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.
Бүгінгі ашық тәрбие сағаты соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналады
Ұлы Отан соғысы туралы кинофильм көрсетіледі.

. «Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштері мен обелискілеріне де қашалып жазылған.


Даулет
Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Мұғалім: Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
9-мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме?
Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
Хакназар:
Дамыздың даңқысың,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Аділет
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққан ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Ринат
Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан!» деген отты лебіз-
Жандарынан жалын атты.
Айтолқын
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы – жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.

Ән «Ел қорғауға әзірміз» (ұлдар орындайды)
Мұғалім: Иә, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты аты аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде « Батыр» деп жазып кетті.
Құрметті қонақтар, соғыста қаза болған батырларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)
1945 жылдың 30-сәуірі. Рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тіккен жеңіс туы желбіреді.
1945 жылдың 9-мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Дарын
Сүйінші, халқым сүйінші,
Сүйіншіге – сүйінші!
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан, ата-бабамыз!
Арай.
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той-мереке!

Ирада В сорок первом в атаке,
Сквозь крутые снега,
Шли ребята на танки,
Сокрушая врага.
Эсмира:
А за ними другие
Поднимались вослед
Возле самого сердца –
Комсомольский билет.

Хор. «Ақ көгершін»

ІІ бөлім. Көрініс.
Көрініс : «Әскерге шақыру» .
Шалғай ауылда өмір сүріп жатқан отбасы. Ержетіп калган Азаматты әскерге шақыру қағазы келді.
Пошта қыметкері Дархан үйге кіріп келеді.
Дархан :
-«Ассалаумағалеикум» .
Касым атай : (Дарын)
-«Уағаликум салам » балам , төрге шық .Қандай шаруамен жүрсін.
Дархан:(Нұрасыл)
-Ақсақал, Азаматқа әскерге шақыру қағазын әкелдім дейді.
Дария әжей: (Еңлік)
-Жалғыз баламды әскерге қалай жіберемін. Қазір неше түрлі жағдайлар болып жатыр .Біздін күніміз не болады? Жоқ , мен жібере алмаймын.
Касым атай :
-Жібере алмаймының не? Азаматтық борышы , өз пікірін тындайық.
Азамат:
-Елбасымыз Н.А.Назарбаев:
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген.
Бұл сөздерді іштей қайталаған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Апа, ата ақ баталарыңызды берініздер . Мен әскерге барамын.
Касым атай :
-Бәрекелді , сенен күткен жауабым да осы еді.
Дария әжей:
Мұғалім:
1992 жылдың 7 мамырында Елбасымыз Н.А.Назарбаев Жарлығыммен тарихымызда тұңғыш рет республикамыздың қарулы күштерін құрылды. Ол бір тарихи жағдай, тағдырлы кез болатын. осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде бір тақырдан өз армиямыз, әскерлер түрін түзілді. Ол енді тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына айналды.

Ерсұлтан:
Ақ найзаның ұшымен,
Ақ білектін күшімен,
Ата-бабам мирас етті жерімді.
Арыстандай айбаттым,
Бойда құрыш қайратым,
Мәнгі қорғап өтем текті елімді.
Али:
Сүйсем әке-апамды,
Сүйсем солай Отанды,
Мызғымайтын шекарада тұрганда.
Отан үшін от кешем,
Хакназар:
Бейбіт қонған елім бұл,
Ертіс пенен Еділдің,
Арқа менен Алатаудын арасын.
Мәнгі орнасын азат күн,
Аспанына қазақтың ,
Ынтымақ пен тапсын бірлік жарасым.
Нұрдәулет:
Мен қазақпын, ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің ,
Ұланымын туын көкке көтерер.
Болашаққа алға бастап жетелер,
Қиындығын қазағымның әрқашан ,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Санжар:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар ,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар .
Қазағымның жерін, елін қорғайтын ,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
Інжу:
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз .
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Мади:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты.
Би «Әке толғауы» . Орындайтын 7 «Б» сынып қыздар би тобы .
Ақтөре:
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.-
ІV. Қорытынды. Мұғалімнің сөзі.