Мұғалім мәртебесі » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалім мәртебесі
27
ноябрь
2018

Мұғалім мәртебесі

Мұғалім мәртебесі – мемлекеттік маңызға ие

Бүгінде еліміздегі ұстаздардың, әсіресе мектеп мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, олардың біліктілігін арттыру мен заманауи білім беру жүйесін жан-жақты меңгерген ұстаздарды даярлау ісі мемлекеттік маңызға ие жобалардың бірі әрі, бірегейі болып отыр.
Әсіресе, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінген.
«Мектеп дегеніміз – бүкіл халық пен мемлекеттің тағдырын айқындайтын аса қуатты күш болып табылады» - деген Д.И.Менделеев. Олай болса, мұғалім – мектептің жүрегі, бас¬ты тірегі ғой. Сондықтан да бұл мамандық ең құрметті, ең беделді мамандық болуға тиіс. Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», – деген сөзі еріксіз ойға оралады. Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді дарытушы – мұғалім. Бүгінгі таңда мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі пікірлер айтылуда. Дегенмен де, білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та, талап та, міндеттер де өзгеруге тиіс деп білем.
Аталған Жолдауда білім беру мен мұғалім мәртебесін арттыруға байланысты: «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс» деген жолдар бар. Осыған қарап-ақ, Елбасымыздың бұл мәселеге қаншалықты зор көңіл бөліп отырғанын байқауға болады.
Ендеше, ел Көсбасшысының өзі ерекше қамқорлыққа алып, мейлінше мол мүмкіндік туғызып, жағдай жасап беріп отырғанда еліміздің ұстаздары да білімі мен білігін жетілдіріп, артылған міндетті ақтауға, шәкірттерге лайықты ұстаз болуға барынша талпынуы қажет деп білемін.

Айнұр СЕРІКОВА
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Похожие публикации:

22 май 2018 Тренинг ""
21 май 2018 Қылау қмж
21 май 2018 Алғыс күні