Мектеп әкімшілігі
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Жасыбаева Анар Адильбаевна
Т.А.Ә. Жасыбаева Анар Адильбаевна
Лауазымы: Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы білі беретін мектебі
Директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Жалпы еңбек өтілі: 30 жыл
Басшы орынбасары ретіндегі еңбек өтілі: 13 жыл
Қазіргі лауазымға тағайындалған күні: 12 қараша 2012жыл. Бұйрық №709
Жасыбаева Анар Адильбаевна 1970 жылы 30 шілдеде Жамбыл облысы Меркі ауданы Қызыл-сай ауылында туылған.
1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне түсіп,2003 жылы аталған университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі» мамандығы бойынша университеті аяқтап,диплом алып шықты. Педагогикалық еңбек өтілі-30 жыл,санаты- педагог-зерттеуші, бірінші деңгейлі мұғалім, мектеп үйлестірушісі,ІІ санаттағы басшы орынбасары.
1995 жылдан бастап, Меркі ауданы №30 Байсейіт Жылкелдин атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
2005-2009 жылдар аралығында директордың ғылыми сала жөніндегі орынбасары болып тағайындалды .2012 жылдың 12 қарашасынан бастап, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
2016 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қалалық филиалында критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырылған «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогикалық- менеджмент» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өткен.2024жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өткен.
2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған деңгейлік
Бағдарламалардың оқу үдерісіне ендірілуіне 5 жыл толуына орай « Оқу мен оқытудағы 7
модуль» үшінші деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдерге арналған республикалық интернет- олимпиадасына қатысып, І орын иеленіп,дипломмен марапатталды. 2017 жылы «Талантты балалармен жүргізілетін жұмыс» атты тақырыпта өткізілген республикалық интернет-олимпиадада І орын иеленіп, дипломмен марапатталды.2019 жылы «Республикалық педагогикалық ғылыми басылымда «Үздіксіз педагогикалық білім» №32 қаңтар айындағы журналды мақаласы жарық көрді.2020 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы», «Жамбыл облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды..2021 жылы«Тәжірибе алаңы» республикалық ғылыми –әдістемелік журналын «Жиынтық бағалау жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы тәжірибесі республикалық www.blllm-shyragy.kz сайтында жарияланғанын растап, сертификат берілді. 2021 жылы «Тәжірибе алаңы» республикалық ғылыми –әдістемелік журналына жаңа технологиямен ұштасқан үздік сабағын насихаттағаны үшін, алғыс хат алды.2021 жылы «Тәжірибе алаңы» республикалық ғылыми- әдістемелік журналына өзінің үздік тәжірибесімен бөлісіп, білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін, грамотамен марапатталды.2021 жылы №1 (68) қаңтар-ақпан айларында облыстық озық сабақ журналына «Рефлекция- нәтижелі білім алудың бастауы» тақырыбында мақаласы жарық көрді.2021 жылы Қазақ –Америка университетінде Алматы байланыс колледжінің 90 жылдығына орай «Білім беру мазмұнын жаңарту- уақыт талабы» атты оқытушылардың Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін, сертификат беріліп,«Жаңаша білім берудегі тәрбие мәселесі» атты мәндіде, мазмұнды баяндамасымен қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 2021 жылы Аудандық педагогтар арасында өткен « Педагогикалық идеялар фестивалі» ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2022 жылы Аудандық педагогтар арасында өткен « Педагогикалық идеялар фестивалі» ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.2024 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марпатталды.![]()