14
октябрь
2025
«Менің сүйікті бірінші парағым» кітап аукционы болып өтті. Мақсаты: Мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайды; Кітаптан алған әсерін сипаттап, өз ойын еркін жеткізеді; Кітаптың алғашқы парағына сүйене отырып, қызықты тұстарын
Мақсаты:
Мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайды;
Кітаптан алған әсерін сипаттап, өз ойын еркін жеткізеді;
Кітаптың алғашқы парағына сүйене отырып, қызықты тұстарын сипаттап, басқаларға ұсынуды үйренеді;
Сөйлеу мәдениетін сақтап, пікір алмасуға белсенді қатысады.
«Менің сүйікті бірінші парағым» кітап аукционына3- 4 сынып оқушылары қатысты.
4-3 сыныптары дипломмен марапатталды .
Бүгінгі сабақта біз әрқайсымыздың сүйікті кітабымыздың алғашқы парағымен бөлісіп, бір-бірімізге қызықты шығармаларды таныстырдық. Кітап — ақылдың кілті, білімнің бұлағы. Әр кітаптың алғашқы парағы — жаңа әлемге ашылған терезе іспетті. Сол терезеден қарап, біз кейіпкерлердің өмірін сезініп, түрлі оқиғаларға куә боламыз. Ендеше, кітап оқуды әдетке айналдырайық! Кітап — сенің ең жақын досың екенін ұмытпа!