11
февраль
2025
Д.А.Қонаевтың туылған күніне орай "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбында кітапхана сөресінде көрме ұйымдастырылды.
Байсейіт Жылкелдин атындағы N30 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 5 сынып білім алушыларымен заманымыздың ұлы тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туылған күніне орай "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбында кітапхана сөресінде көрме ұйымдастырылды. Кітапхана қорына жаңа түскен "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" кітабына таныстырылым жасалып, оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы туралы жан-жақты түсінік беру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке сіңірген еңбегі туралы білімдерін толықтыру мақсатында кітапханашы П.Кадырова кемеңгер тұлғаның өнегелі өмір жолы, ерен еңбегімен таныстырды