«Шынықсаң шымыр боласың» » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Шынықсаң шымыр боласың»
09
June
2025

«Шынықсаң шымыр боласың»

 Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 09- маусым күні мектеп жанында «Күншуақ» сауықтыру лагері аясында бастауыш сыныптың дене шынықтыру пән мұғалімі Шамилов Бақытжан ұйымдастырған «Шынықсаң шымыр боласың»  атты спорттық жарысты сәтті, жоғары деңгейде өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды дене белсенділігіне баулу, шынығу мен қимыл-қозғалыс арқылы денсаулықты нығайту, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру. Мұғалім жаттығулар мен қозғалыс ойындарын тиімді пайдаланып, балалардың қызығушылығын оятып, белсенді қатысуын қамтамасыз етті. Балалар жаттығу жасау, дұрыс тыныс алу, сергіту сәттері арқылы денсаулықты күту мәдениетін меңгере түсті.

«Шынықсаң шымыр боласың» іс-шарасы балалардың физикалық дамуына оң ықпал етіп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға үлес қосты.