«Мен чемпион»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 03- маусым күні мектеп жанында «Күншуақ» сауықтыру лагері аясында ұйымдастырған бастауыш сыныптың дене шынықтыру пәні мұғалімі Шамилов Бақытжан ұйымдастырған «Мен чемпион» атты спорттық жарысты сәтті, жоғары деңгейде өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, шыдамдылыққа, мақсатқа жетуге, өз-өзін жеңуге тәрбиелеу, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарыс барысында балалар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, күш-жігерлерін, жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Мұғалім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әр оқушының белсенді қатысуына жағдай жасады.
«Мен чемпион» сайысы балалардың бойында жеңіске деген ұмтылыс, сенімділік пен патриоттық рух қалыптастыруға бағытталған маңызды шара болды.