«Көңілді старт» атты спорттық-ойын
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде
2025 жылдың 02- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты бастауыш сыныптың дене шынықтыру пәні мұғалімі, мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген «Көңілді старт» атты спорттық-ойындық іс-шараны сәтті ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын ояту, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Шара барысында балалар түрлі спорттық эстафеталарға, көңілді жарыстарға қатысып, белсенділік пен ынтымақтастық танытты. Мұғалім іс-шараны қызықты әрі қауіпсіз етіп ұйымдастыра білді, барлық оқушының қатысуына мүмкіндік жасалды. «Көңілді старт» ойыны балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге және салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.