«Спорт – денсаулық кепілі»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 05- маусым күні мектеп жанында «Күншуақ» сауықтыру лагері аясында ұйымдастырған бастауыш сыныптың дене шынықтыру пәні мұғалімі Шамилов Бақытжан ұйымдастырған «Спорт – денсаулық кепілі» атты спорттық жарысты сәтті, жоғары деңгейде өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіру, салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіру, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру. Мұғалім түрлі жарыс түрлерін (эстафета, секіру, жүгіру және басқа қимылды ойындар) ұсыну арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, командалық рухты қалыптастыруға жағдай жасады.
«Спорт – денсаулық кепілі» атты жарыс балалардың физикалық дамуына оң әсер етіп, дене тәрбиесінің маңызын ұғынуға көмектесті. Іс-шара барысында барлық санитарлық қауіпсіздік талаптары сақталып, қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды.