06
апрель
2026
Б. Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
«Зияткер ұрпақ: өнер, спорт, еңбек және сарбаз рухы» тақырыбында өткен онкүндіктің ашылуында эстетикалық пәндер бірлестігінің жоспарлары таныстырылып, өткізілетін ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шеберлік сабақтары мен коучингтердің мазмұны баяндалды.
Ашылу салтанатында ән-күй орындалып, жырлар айтылып, сонымен қатар, қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, түрлі спорт түрлерінен спорттық ойындар өткізілді. Әр пән бойынша сұрақ-жауап сайыстары өткізіліп, білім алушылар белсенділік танытты.