


Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі Мектепте педагог қызметкерлердің сабақта «Жасанды интелект және инновациялық технологияларды тиімді қолдану» бойынша «Тәжірибелік алаң»құрылды. Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, өзара тәжірибе алмасу және сабақ беру үрдісінде жасанды интелекті пайдалану бойынша іс- шаралар жоспарланып, іске асырылуда. «Тәжірибелік алаңда» ашық сабақтар,сыныптан тыс іс шаралар, коучинг.тренингтер,әдістемелік семинарлар, сабақтың түрлері бойынша сбақтар, әдістемелік сағаттар, шебер сыныптар,әдістемелік сабақтар жоспарланды. Бұл іс шаралар педагог кадрлардың кәсіби деңгейлерінің , педагогикалық шеберліктерінің артуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, шығармашыл мұғалімдердің тәжірибесін жинақтауына, таратуына, білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын көтеруге, жас мамандардың кәсіптік шеберлігін көтеру бойынша тиісті әдістемелік қолдау болып табылады.