«Дені саудың- жаны сау» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
03
март
2020

«Дені саудың- жаны сау»

Б. Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде 3 наурыз күні мектеп медбикесі Г. Жасыбаева 2,3 сынып оқушыларына «Дені саудың- жаны сау» тақырыбында дұрыс тамақтану туралы оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, денсаулықтың құндылығы, дұрыс тамақтану,денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы, дұрыс тамақтанудың ерекшелігі туралы қызықты тапсырмалар беріп, тамақтану сауаттылығының бес негізі туралы түсіндіріп, кеңестер берді.
« Балдәурен-шаттық сезім» әні орындалып, жұмбақтар шешіліп, тақпақтар айтылды.
Сондай-ақ 7,8 сынып оқушылары үшін «Дұрыс тамақтана білеміз бе? тақырыбында қосымша мәліметтер беріп, дұрыс тамақтана білуге тамақтанудың ішкі тәртібі туралы дәріс оқылып, дастархан басында сақталатын ас ішу тәртібі туралы түсіндірілді.
«Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көп жесең, ұйқы басар», «Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ең негізгі де осы нан байлығы»,- деген ырым-тыйым сөздер жарысы өткізілді.
«Өзіңді, тамағыңды таза ұста,ішкен- жеген сайын және де ертелі- кеш аузыңды тазалап шайқа!», «Таза ауада көбірек жүр, қимылда!»-деген тілекпен кеңес беру сабағы соңына жетті.
«Дені  саудың- жаны сау»