«Достық» күніне «Дос боламыз бәріміз» мультфильм, «Досыма хат» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Достық» күніне «Дос боламыз бәріміз» мультфильм, «Досыма хат»
03
июнь
2026

«Достық» күніне «Дос боламыз бәріміз» мультфильм, «Досыма хат»

 Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 

2026 жылдың 3- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген бастауыш сыныптың топ жетекшілері жоспар бойынша «Достық» күніне «Дос боламыз бәріміз»  мультфильм, «Досыма хат» тақырыбында ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты:

  • Балалар арасында достық, сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату
  • Эмпатия, өз ойын еркін жеткізу, пікір алмасу дағдыларын дамыту
  • Адамгершілікке, бір-біріне қамқор болуға баулу

Шараның мазмұны:

Іс-шара барысында балалар:

  • «Досыма хат» атты жаттығу арқылы досына арнап хат жазып, жақсы тілектерін білдірді
  • «Жылы сөздер шеңбері», «Сен маған керексің», «Жолдасыма тілек» сияқты топтық ойын-жаттығуларға қатысты
  • Бір-бірімен ашық, сенімді әңгімелесіп, ұжыммен үйлесімді әрекет етуге дағдыланды
  • Қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, бір-бірін түсіну жолдарын үйренді

Күтілетін нәтиже:

  • Балалардың арасында достық пен бірлік күшейді
  • Өз ойын еркін, мәдениетті түрде жеткізе білді
  • Эмоциялық қолдау мен ұжыммен бірлесе жұмыс істеу қабілеті артты
  • Жағымды қарым-қатынас дағдылары қалыптасты