«Досы көпті жау алмайды» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Досы көпті жау алмайды»
19
июнь
2025

«Досы көпті жау алмайды»

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 

2025 жылдың 19- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген бастауыш сыныптың сыныптың І-ТОП «Балапан STARS» Ниеталиева М.жоспар бойынша «Досы көпті жау алмайды» тақырыбында оқушыларға мультфильм көрсетілді. 

Іс-шараның мақсаты — балалар арасында достық, сыйластық, ынтымақтастық сезімдерін қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсетуге, адамгершілік пен мейірімділікке баулу.

Шараның мазмұны:
 Іс-шара ойын-сабақ, пікірталас, жағдаяттық сұрақтар, топтық тапсырмалар мен сахналық көріністер арқылы өтті. Балалар достық туралы мақал-мәтелдер айтып, сурет салу, шағын көрініс қою, рөлдік ойындарға қатысты. Сонымен қатар балалар өздерінің достық жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, бір-біріне жылы тілектер арнады.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар достықтың қадірін түсініп, жақсы қарым-қатынас орнатуды үйренді;
  • Ұжыммен бірлесе жұмыс жасау дағдысы дамыды;
  • Эмоциялық мәдениет пен өзара қолдау сезімі қалыптасты.

Іс-шараға барлық топтың балалары белсене қатысты.