13
октябрь
2025
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»
Қазан айының 13.10. күні 4- сыныпта білім алушылармен«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты тәрбие сағатын және «Желідегі жалған фейктерден қалай сақтануға болады?»тақырыбында қауіпсізік сағатын 4- сынып жетекшісі Балабекова Жадыра Сарсеновна ұйымдастырып өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, желідегі жалған ақпараттар мен фейктерді ажырату дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар интерактивті тапсырмалар орындап, қауіпсіздік бойынша бейнеролик көріп, топтық жұмыс арқылы өз пікірлерін білдірді.
Қорытынды:
Оқушылар цифрлық мәдениет пен онлайн қауіпсіздік туралы өз түсініктерін кеңейтіп, желідегі дұрыс әрекет жасау дағдыларын меңгерді.![]()