26
февраль
2020
«Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде 21 ақпан күні «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Осы ашық есік күніне білім алушыларға берілетін тамақтың сапасына мониторинг жүргізетін комиссия мүшелерінен, қамқоршылық кеңесінің мүшесінен, ата-аналардан, мектеп әкімшілігінен, мектепте тамақтандыруға жауапты мамандардан, барлық сыныптардың ата-аналарының өкілінен қатыстырылды. Ашық есік күнінде бекітілген ас мәзірінің болуы, ас мәзіріндегі тағамдардың әртүрлі болуы, мектеп әкімшілігімен тамақтандыруды ұйымдастырылу жағдайы, оқушылардың тамақтану режимі, тамақтану кестесі ата-аналардың шағымдары мен ұсыныстары жазылатын журналдар, қол жуатын орындардың болуын, ас дайындайтын бөліктердің тазалығын, мектепте тамақтандыру рационының бірыңғай тамақтану стандарттарына және санитарлық талаптарға сәйкестігі, тағамдардың мөлшері, ас мәзірі мен сәйкестігі, астың дайындалуы, берілу жайы, асхананың жұмыс уақыты, мектеп асханасының рәсімделуі, заманауи талаптарға сай безендендірілуі, оқушылардың тамақтану режимі, ауызсу, таза сумен қамтамасыз етілуі ,тыйым салынған тағамдардың сатылмауы туралы барлық жұмыс реттілігінің барысымен таныстырылып,келушілер осы жағдайларды өз көздерімен көрді. Осы ашық күніне қатысқан барлық қатысушылар мен білім алушыларға «Салауатты өмір салтын ұстан!» , «Жан мен тәнінңнің саулығы үшін-дұрыс тағам таңда, досым!» айдарымен жақсы сөздер, нақыл сөздер айтылып, іс-шара соңы 4,8,11 сыныптардағы өткізілген тәрбие сағаттарына қатысумен аяқталды.
![«Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі»](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2020-02/1582692434_12.png)