09
октябрь
2019
тамақтың сапасына жүргізілген мониторнинг қорытындысы туралы
Мектеп медбикесі асхана қызметкерін күнделікті тексерістен өткізіп, терінің іріңдеу, тұмау, ангина сияқты аурулары бар -жоғын анықтап, асхана қызметкерін жұмысқа жіберуге рұқсат етіп отырды. Бұл жағдайда ешқандай жағдаяттар орын алған жоқ. Тамақтың берілу жағдайына мониторинг күнделікті жүргізіліп тұрды. Ас дайындау барысында үстелдер, отыратын орындықтар ыдыстар,өзге де ас дайындау құралдары санитарлық- гигеналық талаптарға сай болды. Ыдыстар асхана бөлмесі, тамақтанатын бөлме, күнделікті тазартудан өтіп, дезинфекциялау әдістері жүргізіліп тұратыны анықталды. Мектеп асханасында ыстық тамақ ішу талапқа сай ұйымдастырылған. Тамақтың берілу жағдайы мен сапасы, дайын ыстық тағамдар мен аспаздық тағамдардың пісу деңгейі, күнделікті тағамдар тексеріліп тұрды. Барлық уақытта тамақтың дәмі, иісі, құрамы нормаға сай болып, тағамдардың берілуі бойынша бекітілен менюге сәйкес мөлшері нақты болды. Берілетін тағамдардың сапасы жарамды, жіберген мерзімі өтпеген, жемістер, көкөністер, ет, май, құнарлы, барлығы тоңазытқышта сақтаулы болды. Тамақтың берілуі менюде көрсетілген тамақ түрі бойынша ғана берілді. Асханада техникалық құрал- жабдықтар жұмыс істеп тұрды. Зерделеу барысында күнделікті тамақтың қанша мөлшерде беріліп жатқаны өлшенді, дәмі тексеріліп, тіркеу журналына көрсетілді. Тамақты берілу барысында ешқандай ескертулер мен ұсыныстар болмады. Кемшіліктерге жол берілмейтіндігі анықталды.Мектеп әкімшілігінен ұйымдастырылған кезекші мен сынып жетекшілер білім алушылардың тамақтану барысындағы тәртіп пен тамақ берілу реттілігіне, берілу жағдайы мен әдептілікке, асхана аспазшысымен тамақтанатын білім алушылардың арасындағы әдептілікті реттеп, өз кезекшіліктерін өткізіп тұратыны байқалды.. Тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру қадағаланып тұрды.