27
февраль
2020
Мектеп асханасы
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде 27 қаңтар мен - 27 ақпан аралығындағы «Мектеп асханасы» акциясына байланысты ақпанның 17-21 күндері аралығында салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша «Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты-дұрыс тамақтану» тақырыбында мектеп оқушыларымен апталық болып өтті. Оқушылардың денсаулығының жақсы болуы, жан-жақты дамуының кепілдігі, тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениеттілігін, салауатты өмір салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдап, ортақ ой түю мақсатында 1-4 сынып оқушыларымен «Ұрпақ денсаулығы-ұлттың саулығы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, бейне слайдтар көрсетілді.
Дұрыс тамақтану ережелері, тиімді тамақтану, пайдалы тағамдар, зиянды тағамдар, тамақтануға ерекше көңіл бөлу керектігі туралы тамақтың құрамының құндылығы, денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуімен дамуына, жұмыс қабілеттерінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізу мақсатында 5-8 сыныптарда «Салауатты тамақтану- ол қандай? тақырыбында ойын сабақтар өткізілді. 9-11 сыныптарда «Тамақтанудың тиімділіг»і, «Дұрыс тамақтану- болашақ ұлттың денсаулығы!» тақырыптарында ата-аналарымен тренингтер өткізілді.

![Мектеп асханасы](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2020-02/1582795667_16.png)