«Жаз мереке»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп жанындағы «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспары бойынша 2025 жылдың 13- маусым күні «Жаз мереке» әнін атты тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
- Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту;
- Жаз мезгілінің шаттығын, қуанышын ән арқылы жеткізу;
- Ән орындау мәдениетін қалыптастыру және шығармашылыққа баулу.
Іс-шараның барысы:
Іс-шара барысында оқушылар «Жаз мереке» әнін нақышына келтіріп, ырғақты, көркем дауыс мәнерімен орындады. Әннің мағынасына терең үңіліп, жаздың шаттыққа толы сәттерін сахналық көріністер арқылы көрсетті. Әр оқушының орындау шеберлігіне назар аударылып, вокалдық техникасы мен сахна мәдениеті бағаланды.
Іс-шара оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық орындау дағдыларын нығайтты. Шара жоғары деңгейде, көңілді әрі шығармашылық атмосферада өтті.
Қорытынды:
Іс-шара өз мақсатына жетті. Оқушылар ән айту арқылы жаз мезгілінің әсемдігін сезініп, өнер арқылы өз ойларын жеткізе білді. Музыкалық қабілеттері дамып, сахналық мәдениеті қалыптасты.