«Ертегі-музыканы сахнамен байланыстыру» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Ертегі-музыканы сахнамен байланыстыру»
10
июнь
2025

«Ертегі-музыканы сахнамен байланыстыру»

 Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп «Ертегі-музыканы сахнамен байланыстыру» жанындағы «Күншуақ»

сауықтыру лагерінің жоспары бойынша 2025 жылдың 10- маусым күні «Ертегі-музыканы сахнамен байланыстыру» атты тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты:

Балалардың музыка арқылы ертегіні сахнада көркемдеп жеткізуіне жағдай жасау, олардың шығармашылық, музыкалық және актерлік қабілеттерін дамыту.

Іс-шара сипаттамасы:

Іс-шара барысында оқушылар топтарға бөлініп, өздеріне берілген қазақ және әлемдік ертегілер желісімен қысқаша сахналық қойылымдар ұсынды. Әр қойылым музыкалық сүйемелдеумен, әнмен, би элементтерімен және көркем декорациялармен толықтырылды. Оқушылар рөлдік ойындар арқылы кейіпкерлер бейнесін ашып, музыканың көмегімен ертегі мазмұнын тыңдаушыларға әсерлі түрде жеткізе білді.

Мұғалім әр топқа музыкалық кеңес беріп, фондық музыка таңдауға, ырғақ пен көңіл күйді дәл беруге бағыт-бағдар көрсетті. Қойылым соңында балаларға марапаттар мен мадақтамалар табысталды.

Іс-шара нәтижесі:

  • Балалардың шығармашылық белсенділігі артты;
  • Музыкалық есту қабілеті, сахналық мәдениеті дамыды;
  • Топпен жұмыс істеу, өзін-өзі көрсету дағдысы жетілді;
  • Эстетикалық және тәрбиелік бағыттағы мақсаттарға қол жеткізілді.