«Әнші, биші, күйші балапан»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп «Қозғал да, тоқта!» жанындағы «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспары бойынша 2025 жылдың 9- маусым күні «Әнші, биші, күйші балапан» атты тақырыбында іс-шара өткізді.
«Әнші, биші, күйші балапан» атты шығармашылық сайысты жоғары деңгейде өткізді.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың өнерге деген қызығушылығын оятып, музыкалық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерді насихаттау болды. Шара барысында балалар ән айтып, би билеп, домбыра мен басқа да ұлттық аспаптарда кдоморындады. Оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін үлкен ынтамен көрсетті.
Жауапты Акимбаев Досжан сайысты сапалы ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға зор үлес қосты. Іс-шара лагердің мәдени бағдарламасының маңызды бөлігі болды және қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.