22
декабрь
2023
Ата-аналарға жиналыс Ақша жинамау туралы
2023 жылдың 22 желтоқсан күні 1-11 сынып жетекшілері сынып- сынып бойынша және жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барасында мектеп директоры Г.Шаймерденова ата-аналарға "Жаңа жыл" мерекелік іс - шаралар өткізу барасында заңсыз қаржы жинауға(безендіруге, жаңа жыл киім алуға) сыйлық жасауға, дастархан жасауға ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНДЫҒЫ ЕСКЕРТІЛІП, ҚОЛХАТ алынатындығы туралы айтты. Сынып жетекшілердің барлығы жеке-жеке жиналыс өткізіп тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргіді. Яғни,
-педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында-іс-шара өткізуге аниматорлар,мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға;
-жаңа жыл мерекесін сән- салтанатты өткізуге;
-салтанатты дастархан ұйымдастыруға;
-әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол бермеу туралы қатаң ескертіп, айттып өтті.
2. ДТІЖО Ж.Ы Едилова
-жаңа жыл мерекесін білім алушылар мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
-Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шараларда оқушылардың денсаулығына қауіпті жағдайлар мен олрдың алдын алу мақсатында қауіпсіздік нұсқаулығын басшылыққа алып, жұмыс істеу керекігін айтты.
-жаңа жыл мерекесін мектеп әкімшілігі жасаған кестеге сай өткізіп, балалардың үйіне қайтуын ата-аналарына жүктелуін тапсырды.