Ата - аналар жиналысы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2023

Ата - аналар жиналысы

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде кезектен тыс ата – аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа 1 – 11 сыныптарынан 65 ата – аналар комитеті төрайымдары қатысты.
Қатысқандар: Мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, ата – аналар.
Күн тәртібінде:
1. Баяндама: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 45-бабында білім беру ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің тізбесі.
Мектеп директоры Г.Шаймерденова
«Білім туралы» Заңының 45-бабында білім беру ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің тізбесі нақты көрсетілген. Ал заңды түрде бекітілген осы тізбеден бөлек ақшалай қаражат жинау әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылатын сыбайлас жемқорлық болып есептелетіні туралы ескертті. Заң бұзушылық фактілерінің орын алуы мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың, құқықтық сауатсыздығына байланысты екенін ескертті. Сондықтан мектепте құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің қатыстыра отырып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен білім беру саласындағы заңнамаларын жүйелі түрде оқыту жұмыстарын жандандыру қажет екендігін ескертті. Сонымен қатар оқу жылының басынан бастап мектепте мерекелерде, бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде өткізуге, сол мақсатта мектепке, мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға үзілді-кесілді сыйым салынатындығы туралы ерекше ескертілді. Мектеп –ата- ана- қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында ата- аналармен кездесу ұйымдастырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.