Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
31
март
2023

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі


    Мектепте бірінші сыныпқа келетін білім алушылардың  ата-аналарымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12-қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш ,негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін  оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру  ұйымдарында оқуға қабылдаудың қағидаларына сәйкес,»  2023жылдың  1 сәуірі мен 1-тамыз аралығында білім беру ұйымдарына қағида талаптарына сай,  оқуға қабылдау  жүргізілетіні туралы  түсіндіру жұмысы жүргізілді.                                   
  Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңға осы қағидаларға,өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарлығына сәйкес,жүзеге асырылатынын,білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымының басшысы негізінде жүргізілетінін, сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейіжәне даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейтінін, бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан ,білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып,алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз ететіндігі түсіндірілді.
    Білім алушыларды қабылдау кезінде ,білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республкасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28-қаңтардағы №93бұйрығымен бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарттарына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасалатындығы,1-сыныпқа балаларды қабылдау Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңының 31-бабына сәйкес,олардың дайындық деңгейіне қарамастан,жүргізілетінін және қағида талаптарына сәйкес  қабылданатыны айтылды.