11
март
2021
Меркі ауданының білім бөлімінің Б.Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде , оқу үдерісіне Акт-ны және білім беруді цифрланд
Меркі ауданының білім бөлімінің Б.Жылкелдин атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде , оқу үдерісіне Акт-ны және білім беруді цифрландыру аясында түрлі оқыту технологияларын қолдануда педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту және кәсіби тәжірибелерін анықтап , тарату мақсатында пән мұғалімдері арасында мектепшілік « Үздік бейнесабақ » байқауы өткізілді.Мектепшілік өткізілген байқауда тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып,сабақ өткізіп ,үздік бейне түсірілім дайындап , шығармашылық әлеуеті мен шеберлігін шыңдай белгендері үшін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Б.Қасымова бас жүлдеге , математика пәнінің мұғалімі Н.Ә.Тұрсынбек , І орынға , орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Қ.Абирова ,химия пәнінің мұғалімі С.Т.Ержигитова ІІ орынға, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , Г.Т.Тойгулиева , бейнелеу пәнінің мұғалімі А.Қалхабаева ,ІІІ орынға ие болды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Б.Н.Шәмілов , А.Т.Көбейбаев алғыс хатпен марпатталды. Мектепшілік байқаудың қазылар арқасының құрамы бекітіліп олардың жұмыстарына қажетті материалдармен қамтамасыз етіліп , байқаудың бағалау өлшемдері жасалып , жеңімпаздарды марапаттау ұйымдастырылды.Үздік деп танылған екі жұмысты You Tube каналына тіркеп , аудандық білім бөліміне сұраныс берілді.