МИФ апталығы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2023

МИФ апталығы






1 ақпа мен 14 ақпан аралығында мектебімізде МИФ ӘБ апталығы өтті.
1 ақпан сағат 10:25 апталықтың ашылуы және апталықтың жоспары таныстырылды. Апталықтың негізгі мақсаты оқушылардың математикалық, физикалық және ақпараттық даму деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту, өздігінен ойлауды, мақсатқа жетудегі табандылықты, ұжым алдында өз ісіне деген жауапкершілікті тәрбиелеу.
Информатика пәнінен «Көңілді тапқырлар» интеллектуалдық сайысын пән мұғалімі Булантаева Алия өткізді. Сайысқа 5 «А», 5 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп,топ басшыларын сайлады. Оқушылар сайыс барысында логикалық тапсырмалар орындап,теориялық сұрақтар шешіп, тақырыпқа байланысты есептер шығарып белсенділіктерін танытты.
«Математикалық ринг» жарыс сабағы өтті. Жоғарғы сынып оқушылары да құр алақан еместігін көрсетті. 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен "Математикалық бинго" интеллектуалды сайысы өтті. Сайысты математика пәні мұғалімдері Қалдыбекова Ж., Тұрсынбек Н.ұйымдастырды. Осы жарыста оқушыларға теориялық білімдерін шыңдауға, өмірде қолдануға, өз қателіктерін еркін мойындап, оны түзетуге талпынуға ұмтылдыратын сабақ болды. Соңында қорытынды жасалып, жеңімпаз топ анықталды.
Қазіргі таңда қоғамға тығырықтан шыға алатын,сыни тұрғысынан ойлап және шешім қабылдай алатын,алға қойған нақты мақсатына жете алатын,көзі ашық,көкірегі ояу жастарды тәрбиелеу мақсатында информатика пәнінен Едилова Ж. «Брейн ринг» интеллектуалды жарыс 7, 8 сынып оқушыларымен өткізді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Құпия жәшік?», «Ақиқат және жалған». Оқушылар берілген тапсырмаларды ерекше ынтамен орындап, қызығушылықтарын жасырмады.Сайыстың қорытындысы бойынша, «Internet» тобы 2-орынды, «Windows» тобы 1-орынды иеленді. Оқушылар марапатталды.
«Табиғат таңғажайыптары» атты физикалық кафе сайыс – сабағы өткізілді. қарашова Ф. ұйымдастыруымен 7, 8, 9, 10 сыныптар арасында өткізді. Интеллектуалды сайыс төрт кезеңнен тұрды: 1 кезең «Бәйге», 2 кезең «Полиглот», 3 кезең «Ғажайып жетілік», 4 кезең «Жорға». Әр кезеңде ұпай аз жинаған оқушылар ойыннан шығарылып, өз сыныптасына жанкүйер болып отырды. Ал жоғары балл жинаған оқушылар келесі кезеңге өтіп сайысты жалғастырды. Оқушылар өте жақсы көңіл күймен шықты. Жалпы ойын қызықты және тартысты өтті.
Міне аталған «МИФ» апталығы өз мәресіне жетті. Жалпы қорыта айтқанда, апталық өз қойған мақсатына жетті. Пән мұғалімдері әр іс- шараға тыңғылықты дайындалған және де үлкен жауапкершілікпен өткізді. Апта бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене араласты және қатысты.

Похожие публикации:

25 февраль 2022 Дебат үйірмесі
03 июнь 2022 жазғы мектеп
25 май 2018 Алтын сақа