10 – тамызы мен 20- қыркүйек аралығында өткізілетін «Қауіпсіз мектеп ортасы» атты акция » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 – тамызы мен 20- қыркүйек аралығында өткізілетін «Қауіпсіз мектеп ортасы» атты акция
15
октябрь
2021

10 – тамызы мен 20- қыркүйек аралығында өткізілетін «Қауіпсіз мектеп ортасы» атты акция

Құқықбұзушылықтың алдың алу мақсатында 2021 жылдың
10 – тамызы мен 20- қыркүйек аралығында өткізілетін «Қауіпсіз мектеп ортасы» атты акцияның хабарламасы
Акцияның мақсаты: Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және оларға қарсы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай –ақ балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қоғамның тұрақты назарын аудару, құқықбұзушылықтың профилактикасымен айналысатын мемлекеттік органдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес ортаның, БАҚ өкілдерінің күш – жігерін біріктіру болып табылады.
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2021жылдың 10 тамыздан – 20 қыркүйек аралығында « Қауіпсіз мектеп ортасы » атты акциясының іс- шара жоспарын жасалынып, ұйымдастырылды.Акция барысында мектептің өртке қарсы және санитарлық- эпидемилогиялық талаптарға сай болуы қадағаланды.Сонымен қоса жоспар бойынша іс-шаралар дер кезінде өткізілді.
Балалардың өмір қауіпсіздігі,оларға қатысты зорлық-зомбылық, ата-анасының қатігездікпен қарауының алдын алу мақсатында ата-аналармен қашықтықтан онлайын жиналыстар өткізді. Бұл жиналыстың мақсаты халықты құқықтық сауаттандыру, ата-аналардың міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Балалардың құқықтарын сақтау, жолдағы, көшедегі, үйдегі, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізу.