Қауіпсіз мектеп ортасы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіз мектеп ортасы
28
сентябрь
2020

Қауіпсіз мектеп ортасы

Қауіпсіз мектеп ортасы
Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебіндегі
«Қауіпсіз мектеп ортасы» атты тақырыбында өткізілген
іс – шаралар туралы хабарлама
ҚР Білім және ғылым министірлігімен 2020 жылғы 10 тамыздан 20 қыркүйекке дейін "Қауіпсіз мектеп ортасы" атты республикалық акция өткізілуде. Осыған орай Б.Жылкелдин атындағы №30жббм "Қауіпсіз мектеп ортасы" атты тақырыпта жоспар құрылып жұмыс жүргізілуде. Онлайн форматта "Бақытты балалық қауіпсіз ортадан басталады" атты тақырыпта барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталған іс - шараның мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.Акцияның міндеттері: халықты құқықтық сауаттандыру , ата-аналардың міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Балалардың құқықтарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Карантин ережелері ескертілді, балаларға қатыгездікпен қарау заң аясында қудаланатыны туралы ескертілді.Ата-аналарға жаднамалар таратылды. Сенім телефондары туралы ақпарат берілді.Жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру бойынша онлайн түрінде «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен челлендж ұйымдастырылды
Көшеде, жолда,мектепте, үйде бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
5 – 7 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз балалық шақ» атты сурет байқауы өткізуіліп қорытындылары шықты.Жол қозғалысына қатысушыларды жолдағы ұқыптылыққа шақыру бойынша флешмобтар өткізілді.
Қауіпсіз мектеп ортасы