06
January
2026
"Мен және менің достарым " жарыс
Оқушылардың қысқы демалыс күндерінде Байсейіт Жылкелдин атындағы #30 жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Көбейбаев А. " "Мен және менің достарым " атты тақырыпта жоғарғы сыныптар арасында топтық спорттық жарыстар ұйымдастырып өткізді.Мақсаты: Жоғары сынып оқушылары арасында топтық спорттық жарыстар ұйымдастыру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың дене дайындығын арттыру және спортқа деген қызығушылығын дамыту. Командалық ойындар арқылы достық қарым-қатынасты нығайту, өзара қолдау көрсетуге, жауапкершілікке және жеңіске бірге ұмтылуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін, ұйымшылдығын, тәртіптілігін қалыптастырып, бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге бағыттау.