17
June
2025
«Доп-біздің досымыз»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде
2025 жылдың 17- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің дене шынықтыру пәні мұғалімі мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген «Доп-біздің досымыз» атты спорттық-ойындық іс-шараны сәтті ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Лагерь барысында оқушы таңғы жаттығуларға, спорттық ойындарға (футбол, волейбол, эстафеталық жарыстар т.б.) және дене тәрбиесіне бағытталған түрлі іс-шараларға белсенді түрде қатысты. Оқушы тәртіпті, белсенді және ұжыммен жақсы қарым-қатынас орната білді.
"Доп – біздің досымыз" іс-шарасының мақсаты:
- Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;
- Доппен ойналатын ойындар арқылы дене қозғалысын жетілдіру және шапшаңдық, икемділік қасиеттерін дамыту;
- Достықты, ұйымшылдықты және өзара көмек көрсетуді тәрбиелеу;
- Спорттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау;