Қылау қмж » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
21
May
2018

Қылау қмж

Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тойгулиева Г.Т
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Қылау» Сатай мен Рабиғаның бейнесі
Сабақтың мақсаты: Шығарма тілі, шығармадағы нәзік лиризм мен жылы юморды таба отырып,әдебиет теориясы бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру дұрыс және бұрыс жақтарын атап көрсету арқылы сөйлеу тілін дамыту. Сабақтың міндеттері: 1. Оқушылардың ой - өрісі, ойлау белсенділігі, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениеті дамиды. 2.Топта жұмыс атқара отырып, өз ісіне жауапкершілікпен қарау қабілеті мен өзара достық қарым-қатынасы артады және тілді, тарихты құрметтеуге үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың пәнге қызығушылығы оянады. Сабақты толық меңгереді, ерекшелігін танып біледі. Сыныпта бірлік болады.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі-тәсілдері: Жүректен-жүрекке,Сұрақтар алаңы,топтық жұмыс,Иә-Жоқ стратегиясы
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:Маркер, А1 форматты қағаз, қалташалар
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі Қолданылған әдіс-тәсілдер Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру:

а)Психология лық ахуалды реттеу

ә)Топқа бөлу

«Жүректен жүрекке»
Сәлеметсің бе,Көк Аспан
Сәлеметсің бе,Нұрлы Күн
Сәлеметсің бе,Жер Ана
Сәлеметсіз бе,мұғалім
Сәлеметсіз бе,жан досым
Міне,менің қолым бос
Жылуыңа жылу қос Сәлемдеседі түгелдеу
Жүректен жүрекке ойыны
арқылы психологиялық ахуалды жақсарту
Оқушыларды сапқа тұрғызып, үш топқа бөлу.
Әр топқа бағалау парағын таратып береді.
Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып береді Сәлемдеседі, кезекші сынып оқушылары туралы ақпарат береді.
Оқушылар 1,2,3-ке Жанұя тобына бөлінеді
1-топ-
2-топ-
3-топ-
4-топ
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін
фигуралар арқылы өзара бағалайды.
Үй тапсырмасы: «Сұрақтар алаңы»шеңберде тұрып сұрақтарға жауап береді,өз ойларын ортаға салады "Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап" /houseтапсырмасын тексеру кезеңі/
1. Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген?
2. Жазушының туған жері?
3. Жазушының басқа қандай әңгіме, повестері бар?
4. "Қылау" әңгімесінің негізгі тақырыбы?
5. Қылау дегеніміз не?
6.Қылау әңгімесінің кейіпкерлерін ата
7.Адамгершілік,достық туралы мақал-мәтел айт Оқушылар қойылған сұрақтарға жұп болып жауап береді,пікір алмасады.
ІІ.Жаңа сабаққа даярлық 1-2-3-Жанұя тобы
1-топ-«Жеңіс»тобы: «Қылау» әңгімесін сатылай кешенді талдау.

2-топ- Бірлік» тобы: Шығарманың композициялық құрылысына талдау.
3-топ-«Жалын» тобы: Шығарманың көркемдік әдісі бойынша талдау

4-топ-«Жас қанат» тобы: «Қылау» әңгімесін қысқаша мазмұндау.
Балалар, біз өткен сабақта 60-90 жылдардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі жазушы Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесімен таныстық. Сонымен қатар жазушының қаламынан туған «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін», «Кәментоғай», т.б. шығармаларының бар екенінен хабардар болдыңдар. Сайын Мұратбековтің шығармаларының тақырыбы сол кезеңдегі ауыл тынысы, тұрмыс-тіршілігі, адамдардың өзара қарым-қатынасы, дүниеге көзқарасы екен. Қай шығармасын алып оқысақ та тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, оқырманды өзіне баурап алады. Осындай шығарманың бірі – «Қылау» әңгімесі екенін өткен сабақта айтқан болатынбыз.
Балалар, әңгіме өзегі өздеріңе таныс. Әңгіме желісі бойынша мынадай топтық жұмыстар жүргіземіз.Бұл үшін сыныптағы оқушылар төрт топқа бөлінеді.


1-топ-«Жеңіс»тобы: «Қылау» әңгімесін сатылай кешенді талдау.
«Қылау» әңгімесі
1. Авторы – Сайын Мұратбеков.
2. Тақырыбы – адамгершілік, сыйласымдық, қайырымдылық, балаң сезім.
3. Эпикалық жанр түрі – әңгіме.
4. Идеясы - Сатай мен Рәбиға арқылы таза, нәзік балаң сезімді, адал достықты, адамгершілікті, сыйласымдылықты, қайырымдылықты көрсету.
5. Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер – Сатай мен Рәбиға
Жағымсыз кейіпкерлер – жоқ.
6. Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу – Қос құлағы найзадай шаншылып, шақырған тауықтай
Тұрақты тіркес – зәресі ұшу, тіл-жағы байлану.
7.Тәрбиелік мәні-бір-бірімен дос болуға, адамгершілікке үндейді.

2-топ- Бірлік» тобы: Шығарманың композициялық құрылысына талдау.
Шығарманың композициялық құрылысы:
Басталуы. Үйқы құшағындағы Сатай.
Contactsуы. Әке тапсырмасы.
Дамуы. Сатайдың Рәбиғаны кездестіруі.
Шиеленісуі. Балалар арасындағы әңгіме.
Шарықтау шегі. Рәбиға үшін алаңдауы.
Шешімі. Рәбиғаның сыйлығы.
3-топ-«Жалын» тобы: Шығарманың көркемдік әдісі бойынша талдау
Баяндау –Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеуді баяндау дейміз.
Суреттеу – жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлерімен, олардың жеке басына тән ерекшеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырады. Мұны суреттеу дейміз.
Портрет- Көркем шығармада кейіпкердің сырт тұлғасын, бет-әлпетін суреттеуді портрет дейміз.
Диалог – Көркем шығармада кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог дейміз.
4-топ-«Жас қанат» тобы: «Қылау» әңгімесін қысқаша мазмұндау.
Мәтінді әңгімелеу жоспары:
1. Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, шанаға жұмсауы.
2. Сатайдың жолға шығуы, зират жанынан өтіп бара жатқандағы қорқынышы.
3. Жол бойынан Рәбиға атты қызды кезіктіруі.
4. Рәбиға екеуінің әңгімелесуі.
5. Рәбиғаның жол жиегінен түсіп қалуы.
6. Сатайдың Рәбиға үшін алаңдауы, іздеуі.
7. Рәбиғаның Сатайға оқулық сыйға тартуы.

Сергіту сәті Сергіу сәті:
Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
1.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі .............. . (ниетінде)
2.Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің .............. . (көрерсің)
3.Жақсылық етсең, .................... . (міндет етпе)
4.Әдептілік белгісі - ................... . (иіліп сәлем бергені)
5.Таршылықты көрмесең, ......................... . (кеңшілікті білмейсің)
ІІІ.Жаңа сабақ Жанұя тобынан Жұмысшы тобы
топтық
1саны-1-топ
2-саны-2-топ
3-саны-3-топ
1 - топ.
Рабиға мен Жанардың бейнесін салыстыр.
Рабиға Сыпайы қыз, білімді, ақкөңіл, мінезі ашық, көпшіл
Ортақ – Досқа адал, адамгершілікті жоғары қояды, қарапайым, ақылды, әдемі қыздар
Жанар - Әдепті, мейірімді, турашыл
2 - топ.
Қожа мен Сатайдың бейнесін салыстыру.
Қожа - арам пиғылыжоқ, ашық, ақкөңіл, бұзық
Ортақ - арам пиғылыжоқ, адал, батыл, жалқау балалар
Сатай - мейірімді, батыл, ашық жарқын, мақтаншақ
3-топ Синквеин стратегиясы
Бес жолды өлең шығарады.
1. Зат есім: Не ? Қылау.
2. Сын есім: Қандай? Суық.
3. Етістік: Не істейді?Жауратады.
4. Синоним: Қар.
5. Сөйлем:Қылаулаған жұп- жұмсақ қар ерекше үлпілдейді. Жұпта, өзара талқылап ой бөліседі. Топта өзара бөліскендерін ортада айтып таныстырады.
ІҮ Сабақты бекіту 3.«Иә» немесе «жоқ» стратегиясы
3Рәбиға Сатайға кітап сыйлады (иә)
2.Сатай қасқырмен жекпе – жекпе шықты(жоқ)
3.Сатай жуынайын десе шәугімдегі су мұп-мұздай екен (жоқ)
4.Рәбиға Тастөбе деген жерде оқиды (иә)
5.Рәбиға мен Сатай сегізінші сынып оқушылары (жоқ)
6.Сатай Рәбиға берген кітапты алмады.
7.Сатайдың ұнатпайтын пәні әдебиет (жоқ)
8.Таң азанғы әке даусы Сатайға ұнамады (иә)
9.Әңгімедегі Сатай мен Рәбиға жағымсыз кейіпкерлер. (жоқ)
10.Сатай қайырымды бала. (иә)
Қылау әңгімесі не себепті қылау деп аталған? Әдебиет теориясы бойынша жұмыс жасайды.
Ойларын қорытады
Ү.Үйге тапсырма зерттеушілік әңгіме “Достықты мен қалай түсінемін?”-ойтолғау Тапсырманы күнделікке түртіп алады.
ҮІ.Бағалау ТОПТЫҚ бағалау Бағалау түрін түсіндіреді. Оқушылардың тапсырманы орындау мүмкіндігіне байланысты фармативті бағалаудан жиынтық бағалау ТОПТЫҚ

Рефлексия: Бүгінгі сабақтың барысы қалай орындалды?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сабақты жүйелі ұйымдастыра алдым ба?---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------