Тренинг "" » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
22
May
2018

Тренинг ""

Педагогикалық ұжыммен жүргізілген «Мұғалім болу оңайма?» тренингінің анықтамасы
Мерзімі: қыркүйек 2017ж
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл – күйден арылу,күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Қатысқандар: жас мамандар, мұғалімдер
Жауапты: мектеп психологы
Барысы: мұғалімдерді жақсы көңіл – күймен қарсы алып, олармен «Көңі – күй» аутотренингі жүргізілді.
2. Teachersден сауалнама алынып, олардың таңдаулары бойынша мұғалім портреті шықты.
- Мамандықты таңдау барысындағы мотиві:
-балаларға сүйіспеншілік
-кәсіптік жетістіктерге жету мүмкіншілік
-кездейсоқ
-балалық кезден мұғалім болуды аңсау
-өз мүмкіншілік деңгейін көрсету
-отбасылық сабақтастық
-басқа
- Мамандықтың аса жағымды жақтары:
-кәсіптік қарым-қатынас
-өз жұмысыңның нәтижесін көру мүмкіншілігі
-өмір бойы өз біліміңді жетілдіру мүмкіншілігі
-еңбек демалысының ұзақтылығы
-басқа
- Мамандықтың аса қиын жақтары:
-жұмыстың нәтижесі тек қана маған байланысты емес
-жеке уақытым көп кетеді
-үнемі эмоционалдық тежеу
-басқа
Сіздердің таңдауларыңызға байланысты мұғалімнің портреті шықты, ол
Мұғалім- балаларға сүйіспеншілік, балалық кезден мұғалім болуды аңсау; кәсіптік қарым-қатынас, өз жұмысыңның нәтижесін көру мүмкіншілігі, кәсіптік қарым-қатынас, жұмыстың нәтижесі тек қана маған байланысты емес.
3.«Менің мамандықтағы образым» жаттығуы. Жаттығудың мақсаты: кәсіптік іс-әрекет стилінің индивидуалдық эффек-тивті тәсілдері мен шараларын іс-жүзінде өтеу.
Teachers шеңбер құрып тұрады. Психолог топтың әрбір мүшесіне алдарында оқушылар тұр деп елестете отырып сәлемдесуді ұсынады. Мысалы, «Сәлеметсіндерме балалар!» Бұл жерде фразаны жестпен, позамен, бет әлпет қимылымен қуаттауға болады. Топ мүшелерінің барлығы сәлемдесіп болғаннан кейін жалпы талқылау өткізіледі. Сәлемдесудің қайсысы ашық және мейірімді, кімнің фразасы белсенді іс-әрекетке эффективті стимул болды, мұғалімдер бала позициясынан өз әсерлерімен бөліседі. Бұл жаттығуда жеке индивидуалдық іс-әрекет стилін табуға көмектесу үшін әрбір қатысушымен кері байланыс орнатылады. Айта кететін жай, бұл проблема мектепте енді жұмыс жасай бастаған жас мамандар арасында ғана актуалды емес. Көп жылдар бойы мектепте қызмет етіп, дағдылары қалыптасқан, жұмыс істеуі автоматтандырылған мұғалімдер арасында да қажет. Олар өздерінің кәсіби шаралар арсеналын кеңейтіп, жанарту үшін маңызды. Бұл жерде жекелік индивидуалдығын басу ізімен емес, өзіндік «Мені» мен кәсіби мүмкіндіктерін ашудағы үлесімділік пен толық жетілуіді табу.
Қорытынды: мұғалімдермен тренинг соңында «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы жүргізілді. жаттығу барысында мұғалімдер жүрекшені алып, қасында отырған мұғалімге «Мен сізге жүрекшені беремін, өйткені сіз...» деп бір – бірінің ьойындағы жақсы қасиеттерді атап, жүрекше жүргізушіге келгенше жалғастырды. тренинг бір – біріне жақсы сөздер айтумен аяқталды.
Тренинг ""