«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз», «Құпия сөз – сіздің отбасылық пароліңіз» » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз», «Құпия сөз – сіздің отбасылық пароліңіз»
01
December
2025

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз», «Құпия сөз – сіздің отбасылық пароліңіз»

     2025–2026 оқу жылы барысында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде іртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» тақырыбында тәрбие сағаты және «Құпия сөз – сіздің отбасылық пароліңіз» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Тәрбие сағатын сынып жетекшісі ұйымдастырып өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақ барысында табиғатты қорғау, қоқысты дұрыс жинау, су мен электр энергиясын үнемдеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар табиғатқа қамқорлық жасау жолдары туралы өз ойларын айтып, белсенділік танытты.

Қауіпсіздік сабағында оқушыларға жеке деректерді қорғау, интернетте және күнделікті өмірде құпия сөзді ешкімге айтпау, отбасылық парольді қолданудың маңызы түсіндірілді. Төтенше жағдайда немесе бейтаныс адаммен кездескенде отбасылық пароль арқылы қауіпсіздікті сақтау жолдары айтылды.

Аталған іс-шаралар оқушылардың экологиялық және цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.