«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері»
2025–2026 оқу жылы барысында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты және «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Тәрбие сағатын сынып жетекшісі ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың денсаулыққа тигізер пайдасын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, пайдалы және зиянды тағамдар туралы түсінік беру.
Сабақ барысында оқушыларға күнделікті дұрыс ас мәзірін сақтау, дәрумендерге бай тағамдарды тұтынудың маңызы айтылды. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
Қауіпсіздік сабағында оқушыларға жедел қызметтердің телефон нөмірлері (101 – өрт сөндіру, 102 – полиция, 103 – жедел жәрдем, 112 – бірыңғай құтқару қызметі) таныстырылып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Аталған іс-шаралар оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.