“Табиғатты аялайық” тақырыбында ашық тәрбие сағаты
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 25.11.2024 жылы “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде “Қамқор” жобасы бойынша тәрбие апталығы аясында 3-сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі Балабекова Жадыра Сарсенқызы “Табиғатты аялайық” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп және «Таза аула-таза әлем» атты сенбілік ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру,табиғатқа деген мейірім мен ықыласын,табиғат байлықтары мен жан-жануар,өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Сенбілік аясында балалардың экологиялық мәдениеті қалыптастырылды, адам, жан-жануар, өсімдіктер үшін күн сәулесінің маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, табиғатқа қамқорлық керек екендігі, туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап,қорғау-әркімнің міндеті екенін ұғынды.