«Құндылық және дәйек сөз» күнделікті іс-шара жарыс » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Құндылық және дәйек сөз» күнделікті іс-шара жарыс
04
февраль
2026

«Құндылық және дәйек сөз» күнделікті іс-шара жарыс

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Құндылық және дәйек сөз» тақырыбы – оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара. Бұл тақырып арқылы білім алушылар адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, құрмет, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттердің мәнін түсінеді.
Құндылық – адамның өмірлік ұстанымын айқындайтын, мінез-құлқы мен іс-әрекетіне бағыт беретін рухани байлық. Ал дәйек сөз – белгілі бір ойды нақты, қысқа әрі мағыналы түрде жеткізетін, тәрбиелік мәні зор нақыл сөз немесе қанатты сөз. Дәйек сөздер арқылы оқушылар терең ой түйіп, өз әрекеттеріне баға беруге үйренеді.
Жарыс барысында оқушылар құндылықтардың маңызын талқылап, өмірмен байланыстыра отырып мысалдар келтірді. Нәтижесінде, жас ұрпақтың санасына адалдық пен жауапкершіліктің мәні сіңіріліп, тұлғалық дамуына оң әсер ететін рухани бағыт-бағдар берілді.