12
октябрь
2022
Ауыл жастарының сыйлығы
Ауылымыздың жастары 25 қазан Республика күніне орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген футбол турниріне қатысты . Осы футбол турнирінде ауылымыздың жастары жеңімпаз атанып І орынды қанжығаға байлады. Сонымен қатар аудан әкімшілігі орынға ие болған командаларды мақтау қағаздарымен марапаттап,сыйлықтарын табыс етті. Сыйлыққа алған телевизорды ауылымыздың азаматтары бірауыздан тұрмыс жағдайы төмен Иманқұлова Перизатқа табыс етті.