20
октябрь
2022
Балдырғандарға сыйлық
Жаңатоған ауылдық округіне қарасты Қостоған,Қызылсай,Мынқазан ауыл жастарының арасында футболдан турнир өтті. Өздерінің керемет ойынының арқасында Мынқазан ауылының жастары бірінші орынға ие болды. Жарысқа қатысқан командалар мақтау қағаздары мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұтқан жүлделерін ауылымыздың "Балапан" шағын орталығына сыйға табыс етті. "Балапан" шағын орталығының ұжымы және бүлдіршіндер ағаларына рахметтерін айтып, мәз - мейрам болды.