«Әдептілік – тәртіптінің белгісі» «Отбасыңызды қауіптен қорғау жолдары» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Әдептілік – тәртіптінің белгісі» «Отбасыңызды қауіптен қорғау жолдары»
08
декабрь
2025

«Әдептілік – тәртіптінің белгісі» «Отбасыңызды қауіптен қорғау жолдары»


   2025–2026 оқу жылы барысында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясында сынып жетекші Балабекова Жадыра  4-сынып оқушыларымен «Әдептілік – тәртіптінің белгісі» тақырыбында тәрбие сағаты және «Отбасыңызды қауіптен қорғау жолдары» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Тәрбие сағатын сынып жетекшісі ұйымдастырып өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды әдептілікке, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстауға, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақ барысында әдептілік пен тәртіптің адам өміріндегі маңызы түсіндіріліп, жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениеті қалыптастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді.

Қауіпсіздік сабағында отбасын түрлі қауіп-қатерден қорғау жолдары, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде сақтық шаралары, үйдегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Төтенше жағдайларда ересектерге хабарлау және жедел қызметтерге жүгіну қажеттігі айтылды.

Аталған іс-шаралар оқушылардың тәртіпті, әдепті және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.