«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» «Көшеде қаңғыбас итті кездестірген кездегі сақтық шаралары» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» «Көшеде қаңғыбас итті кездестірген кездегі сақтық шаралары»
15
декабрь
2025

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» «Көшеде қаңғыбас итті кездестірген кездегі сақтық шаралары»

     2025–2026 оқу жылы барысында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында сынып жетекшісі Балабекова Жадыра Сарсеновна 4-сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» тақырыбында тәрбие сағатын және «Көшеде қаңғыбас итті кездестірген кездегі сақтық шаралары» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің маңызын түсіндіру, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Сабақ барысында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, мемлекеттік рәміздер, ел бірлігі туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар өз ойларын айтып, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.

Қауіпсіздік сабағында көшеде қаңғыбас итті кездестірген жағдайда сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Итке жақындамау, оны қоздырмау, сабыр сақтап, ересектерге немесе тиісті қызметтерге хабарлау қажеттігі айтылды.

Аталған іс-шаралар оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін нығайтуға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.